1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
9 қараша 2017
Мың толғандырған медсақтандырудың пайдасы не?

Соңғы жарты жылда көпшіліктің қызу талқысына түскен тақырыптың бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Дүниенің көптеген елінде тиімділігін көрсеткен бұл жүйені елімізге өкілетті министрлік енгізгенде қандай проблемаларды шешпек болды?  Қазір газет-журнал, телеарна мен радио, әлеуметтік желі, тіпті көшедегі аялдамада ауыр сырқаттарға шалдыққан адамдардың еміне көмек сұрап

9 қараша 2017

Өткен сейсенбіде қызметінен кеткен Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына осы сейсенбіде жаңа кадр тағайындалды. Осы бір аптаның ішінде ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде жұрт Шымкентке әкім етіп кімдерді «тағайындамады» дейсіз. Расында да, бұл жолы Шымкентке әкім тағайындауда облыс басшысы Жансейіт Түймебаев жөн-жосықты басқашалау жасады. Әдетте, әкімді босату

9 қараша 2017
«Мақсат – аналар үйінің санын көбейту емес, проблеманың алдын алу»

Қоғамда қордаланған мәселе көп. Соның бірі – алданған қыздар мәселесі. Үкімет бұл мәселенің алдын алумен шұғылданып келеді әрі осы тарапта ірі әлеуметтік жоба жүргізіп отырған ұйымдармен тығыз жұмыс істеп отыр. Біз сөзге тартқан Алматыдағы бірінші аналар үйінің үйлестірушісі Майра Тұрсынбаева (суретте) шалыс басып, тағдыр тәлкегіне түскен

7 қараша 2017
«Қытайдағы 2 миллион қазақтан тірідей айырылу қаупі туып тұр»

Ықылым заманнан бері «аспанда Құдай, аспанның астында Қытай» деген түсінікпен өмір сүріп келе жатқан көрші елдегі қандастарымызға Қытай билігінің қысым көрсетіп, қуғын-сүргінге ұшыратып жатқаны бұған дейін айтылып, ақпарат құралдарында жарияланған-ды. Әзірге Қазақстанның ресми билігі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ал ресми Қытай бұған не айтады? Дәл осы сауал жуырда

2 қараша 2017

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің екінші жобасы жақында ғана көпшілікке таныстырылды. Бұл жобаны президент те, көпшілік те қолдағандай болды. Бірақ апостроф белгісі тым көп, атақты математик бауырымыз Асқар Жұмаділов оны азайту мақсатында не істеу керектігі жөнінде біраз ойларын ортаға салған екен. Бірақ клавиатурада қазақтың төл дыбыстарын

2 қараша 2017
Әліпби «әлегі»

Сонымен, жұрт ұлардай шулап, әліпби «әлегінің» астында қалды. Осы тақырыпқа өз пікірін айтпаған адам қалмағандай. «Таксовать» етіп жүрген ағайыннан президенттің өзіне дейін ойларын айтты. Тиісті жарлыққа да қол қойылды. Дегенмен бұл әріптер мен дыбыстарды белгілеу әдістемесін жақтаушылар мен қарсылардың айтысы еместігін түсіну керек. Латын әліпбиіне көшуді таза лингвистикалық

2 қараша 2017
Субсидия малға емес, малшыға берілсе

Еліміздегі жайылым, бос жатқан жерлер мәселесі жыл сайын көтеріледі, бірақ содан оң нәтиже шығып жатқаны шамалы. Жақында ғана мәжіліс депутаттары осы мәселені тағы да талқыға салды. «Елімізде 186 миллион гектар жайылым бар. Соның 100 миллионы игерілмегенкүйі бос жатыр. Сол жерлер әлі картада көрсетілген жоқ. Үкімет өзіне жүктелген міндетін атқармай отыр.

1 қараша 2017
Қатарыңнан қалма!

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қазақ жазуын өзіне лайықты әріптеріне ауыстыру мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Жақтағандармен қоса, қарсы болғандар да жеткілікті болды. Кириллицаны сақтау мен латын әрпіне көшіру қажеттілігін көтерген дәйектер көптеп келтірілді. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінде орын алған осы пікірталастың азды-көпті тұтас, мәдени, тарихи және лингвистикалық ерекшеліктері бар еді. Бірақ біз өмір сүріп жатқан уақыт, дүниежүзі мен Қазақстанда болған елеулі өзгерістер

1 қараша 2017
Латынға көшу екінші рет тәуелсіздік алғанмен бірдей

Болашақтағы латын әрпіне байланысты өзгерістерді мына тұрғыдан түсіну қажет тәрізді. Бұл – цивилизациялық революция, «ұлттық кодты» өз төл мәдениетімізге қайтарып беріп, әлеммен басқа бет әлпетте қауышатын кезең.
Бұл қадам Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлы әсері бар шешім. Осы шешім қазақ ұлтының, біздің халықтың

1 қараша 2017
Бұл – стратегиялық өте қызықты ұлттық жоба

Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі көптеген аспектілерді қамтиды. Бұл тек лингвистикалық айналымға ғана емес, сонымен бірге өркениеттік, ғылыми және технологиялық серпіліске де байланысты. Президент Н.Назарбаевтың 26 қазанда қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне ауыстыру туралы жарлығы

1 қараша 2017

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»2017 жылғы 26 қазандағы жарлығын қолдаймын. Өйткені біз кириллицадағы 42 әріптің орнына 32 әріпке көшкелі отырмыз. Бұл біздің жазуымыз үшін де, оқуымыз үшін де үлкен жетістік. Кириллицадағы көз үйреніп қалған латын әріптеріне ұқсас кейбір әріптерді сол күйінде пайдалансақ, латын әрпін

1 қараша 2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада өткізген баспасөз мәслихатында аймақтағы «теріс діни ағымды ұстанушылардың» саны жарты мыңға, нақты айтсақ, 580-ге азайғанын мәлімдеді. Б.Сапарбаев «теріс діни ағымның» сәлафиттер, әлде құраниттер екенін түстемеді. Сондай-ақ ол жергілікті билік жүргізген үгіт-насихат пен кездесудің әсерінен теріс ағымнан жерініп кетті

1 қараша 2017

Түркия азаматы Оғыз Доған мен Air Astana әуе компаниясы арасындағы қазақ тіліне қатысты шыққан даудан уақытында барша жұрт хабардар болып, ел ішінде қызу талқыға түскені мәлім. Бұл мәселеде қоғамдық пікір екіге жарылып, бір тобы қазақ тілін қорғаса, енді бір тобы компанияның әрекетін дұрыс деп тапқан еді. Cөйткен дау ақыр аяғы сотқа жеткен. Сотқа жазған талап арызында

1 қараша 2017
Латынды қолдап, орыс тілін күшейтпек

Қазақстанның қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру шешіміне Мәскеу «түсіністікпен және құрметпен қарайды». Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников Астанада өткен жиынның бірінде осылай деді.
Сондай-ақ ол: «Қазақстан – Конституциясы бойынша орыс тіліне ресми мәртебе берілген мемлекеттердің бірі. Ресей егеменді

26 қазан 2017

Қытайдағы қандастарымыздың қысым көріп, әртүрлі себеппен қудаланып, тіпті сотқа тартылып, қамауға алынып жатқанын газетіміздің өткен сандарында жазған едік («Қытайдағы қандастарды қудалау күшейді», «Жас Алаш», №84, 19 қазан, 2017). Қытайдағы қазақтарға жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалғанын жеткізген олардың Қазақстандағы туыс¬тары мен қоғамдық белсенділер

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»