1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕҢГЕЙI – 15 ПАЙЫЗ

Қазақстан кәсiпкерлерiнiң ұлттық палатасы 2016 жылға жасаған макроэкономикалық шолуын ұсынды. Осы шолу қорытындысына сарапшылар екi түрлi баға бердi. Бiр жағынан алып қарағанда, төл экономикамызда аз да болса өсiм көзге шалынады, екiншi жағынан бiрқатар маңызды салада көрсеткiштер кәдiмгiдей құлдырағанын байқаймыз әрi елiмiздiң қоры кемiп бара жатқанын цифрлар ақылы көргенде

16 ақпан 2017

Осыдан бiр апта бұрын бензин қымбаттап, Алматыда АИ-92-нiң құны 139-141 теңгеге сатыла бастағанда, кейбiр ақпарат құралдары “Еуропамен салыстырғанда, аң арзан жанармай Қазақстанда (АИ-95, 145,4 теңге) деп” жарыса жазды. Мысалы, Нидерландта бiр литр бензиннiң бағасы – 547 теңге, Грецияда 541 теңге тұратынын айтып, “ең арзан бензин тұтынып

9 ақпан 2017
Бозымбаевтың “әдiл бағасы” – 150 теңге

БЕНЗИН БАҒАСЫ НЕГЕ КӨТЕРIЛДI?

2015 жылдың қыркүйегiнен үкiмет жанар-жағармай бағасын реттеуге араласпайды. Шендi-шекпендiлер “бағаны нарық реттейдi” деген шешiмге келген. Сол кезде ең өтiмдi АИ-92 бензинiнiң құны 126 теңге едi. Одан кейiн баға бiр емес, бiрнеше мәрте өстi. Ең соңғы өсiм апта басында орын алды. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының бекеттерiнде АИ-92 бензинiнiң құны екi теңгеге көтерiлiп, 139 теңгеден сатыла бастады. Iле-шала өзге де компаниялар отын бағасын көтере бастады. Ресейдiң “Газпромнефтiсi” қазақстандық компаниялардың баға саясатына

2 ақпан 2017
Айғайлатып бастап, абыройсыз аяқтамасақ болды

Биылғы мамыр айында Екiбастұз қаласында қуаты 135 мың тонналық жаңа кремний зауытының құрылысы басталмақшы, осының нәтижесiнде өңiр экономикасына 38 миллиард теңгенiң инвестициясы кiрмек деген ақпарат таратты “ҚазАқпарат” агенттiгi. 2019 жылы зауыттың үшiншi кезектегi кәсiпорны iске қосылғанда жұмыс орны 600-ге жетпек көрiнедi. Жобаны iске асыратын “ANSA Silicon” серiктiстiгiне Екiбастұздағы бiрiншi ГРЭС-тiң жанынан 70 гектар жер бөлiнген. Естiр құлаққа барлығы дұрыс-ау. Бiрақ Қазақстанда дәл осылай дүбiрлетiп басталған ондаған кәсiпорындардың бүгiнде бiрде-бiрi жұмыс iстемей тұрғанын қайтемiз. Сонау жылдары ағайынды

2 ақпан 2017
Б.Сапарбаев «ұлы қабырғаны» сөзбен құлатпақ

“Ұлы қабырға” қазақ-қытай мұнай-бұрғылау компаниясы” ЖШС-i президентi Чжан Цзюньге облыс әкiмi Б. Сапарбаев компания менеджментiн дұрыс ұйымдастырмағаны үшiн мәселенi Пекиндегi акционерлер алдында қоятынын ескерттi. Мұнай бағасы құлдырағалы берi осы сервистiк компания экономикалық белсендiлiгiн азайтып, қазiр жабылудың алдында тұр. Былтырғы кездесуде Чжан Цзюнь жұмысшылар тағдырынан гөрi, Пекиннен әкелген 2 қондырғыны керi өткiзу мәселесiне ғана қатты алаңдаған. Мұнай кенiштерiне ұңғылар орнатумен және жұмысшыларды кен орындарына тасумен айналысатын компания қасақана банкроттыққа келе жатыр. Осыдан екi жыл бұрын 2 мың қызметкерi бар сервистiк компания штатында 980 адам қалған. Оның да 480-i бiрнеше

2 ақпан 2017

Үкiметтiң бюджет пен ел экономикасындағы жағдайға қатысты мәлiмдемелерi мен қолымызға түскен сандар екiұдай күйде қалдырады. 2016 жылдың бюджетiнiң шығыны соңғы 5 жылда болмаған өсу қарқынын көрсеткен. Бiр жылдың iшiнде қазынаның шығыс бөлiгi 2,1 триллион теңгеге секiрiптi. Мұның алдындағы жылдарда республикалық бюджеттiң шығысы орташа 500 млрд теңгеге көбейiп келген едi. 2016 жылғы бюджет тапшылығы 902,7 миллиард теңге болады деген болжам бар. Үкiмет шығындарды мейлiнше азайтып, республикалық бюджеттiң тапшылығын 578 миллиард теңгеге дейiн азайтудан дәмелi. Оны қалай азайтады дегенге келсек, бiрiншi

26 қаңтар 2017

Басқасы-басқа, елдегi жүйеқұраушы банктiң бiрi – Қазкомның Халық банкпен бiрiгетiнi туралы ақпарат тарағанда, бұған “апам да аң-таң, мен де аң-таң” болдық. Әу бастағы сөз президенттiң аузынан шықты. “Қажет болса, Қазкомға көмектесемiз” дедi. Осыдан кейiн Блумберг агенттiгi “мүйiзi қарағайдай екi банктiң қосылуы бек мүмкiн” деген көрiпкелдiк жасады. “Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды”. Бұл ақпаратты қос банк те, банктердiң үстiнен қарайтын Ұлттық банк те осы аптада

19 қаңтар 2017
ОПЕК өндiрiстi де, экспортты да қадағалайды

Өткен жылдың желтоқсанындағы “Вена келiсiмi” бойынша, биыл 1 қаңтардан бастап ОПЕК елдерi және бұл ұйымға кiрмейтiн мұнай өндiрушi 11 мемлекет “қара алтын” өндiрiсiн шектеудi қолға алды. Осы мәселеге орай ОПЕК мұнайдың экспортымен бiрге өндiрiстi де қадағалайтынын мәлiмдеген. Бұл туралы ТАСС агенттiгiне сiлтеме жасап, ҚазТАГ хабарлады. “Бiз бәрiне – мұнайдың өндiрiсiне де, экспортына да мониторинг

17 қаңтар 2017
Зейнетке бейнет қосқандар

Өткен жылдың соңынан берi елдi шулатып жатқан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына Нұрбибi Наурызбаева тағайындалды. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ басқарма төрайымы болған кезiнде Нұрбибiнiң басы дауға қалғанын ел бiледi. 2003 жылы ол банк басшыларының пәтерлердi өзара заңсыз бөлiске салуына байланысты қызметiнен кеткен едi. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бұл “келеңсiздiктi тоқтатуды” тапсырып, “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ның сол кездегi басқарма бастығы Қуандық Бишiмбаевты әлгi пәтерлердi

5 қаңтар 2017
«Қара алтынның» қадiрi Қазақстан үшiн қашанда бiлiнiп тұрады

Бiздiң басты “қорегiмiз” мұнай болғандықтан оның тағдырына алаңдамай тұра алмаймыз. Бюджет бүйiрiнiң томпаюы да, Ұлттық қор қазанының бұрқ-сарқ қайнауы да, тiптi бар шаруаның шатқаяқтамауы осы “қара алтынның құдiретiне” байланысты. Сондықтан мұнай бағасы көтерiлсе қуанып, құлдыраса тұнжырай қалатынымыз осыдан. Өткен қараша айындағы Венада өткен басқосуда “ОПЕК-ке мүше емес елдер де мұнай өндiрiсiн тәулiгiне 0,6 млн баррельге шектеуi тиiс”, – деген шешiмнiң шетi шыққаны белгiлi. Сол кезде сарапшылар Ресей шамамен

4 қаңтар 2017

Портал фермерлердің мемлекеттік органдармен, мекеме-ұйымдармен, қаржылық институттармен, ғылыми ортамен, нарықпен (бизнес сектор, тұтынушылар) байланысын жеңілдететін жаңа құрал. Енді қожалықтарды қыстың суығы мен жаздың ыстығында таулы-тасты, жолды-жолсыз, алыс-жақыннан іздемей, кеңседе отырып-ақ оңай табатын болаcыз.

29 желтоқсан 2016
1 пайыздық өсiммен тоқсаныншы жылдардың деңгейiне түстiк

“ИМАНЖҮЗДIЛЕУ” ИНФЛЯЦИЯНЫ ҚОЛДАН ЖАСАҒАН СЫҢАЙЛЫ
Кейбiр сарапшылардың жазуына қарағанда, 11 айдың қорытындысы бойынша экономика 0,8 пайызға өскен. Ал ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев “өсiм жыл соңына дейiн 1 пайызға жетуi ықтимал” деп топшылайды. Жарайды өсiм 1 пайыз-ақ бола қойсын. Сонда осы ауыз толтырып айтатындай көрсеткiш пе? Мамандар 1 пайыздық көрсеткiш өткен ғасырдың 1994-1995 жылдары болғанын жазады. Осыдан бiздiң ұлттық экономика тоқсаныншы жылдардағы деңгейге түстi деуге негiз шығады. Айтпақшы, мемлекеттiң қолдауынан кейiн экономика 1 пайыз өсiмге қол жеткiзген. Қолдау болмаған жағдайда, -2 пайыздық көрсеткiшпен төмен

27 желтоқсан 2016
Банктерге тiл тидi ме, әлде көз өттi ме?

 

Осы айдың басында БАҚ-қа берген кезектi бiр сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев “келер жылы кейбiр банктер жұмысын тоқтатуы да мүмкiн, бiр-бiрiмен қосылуы да ықтимал” деп болжам жасаған едi. Сонысы шындыққа айнала бастағандай.


 “ҚАЗИНВЕСТБАНК” БАСЫНДАҒЫ ҚАРА БҰЛТ
Өткен апта соңындағы үш оқиға елдi елең еткiздi. Соның бiрi – Қазинвестбанктiң банктiк операциялардың барлық түрiн тоқтатуы болды. Бiрақ сол кезде бұл банктiң топ-менеджментi ешқандай түсiнiктеме берген жоқ. Бар-жоғы ақпарат порталдары банктiң колл-орталығына сiлтеме жасап, “Техникалық дефолт туындады. Осыған орай дүйсенбiге дейiн операцияның барлық түрi тоқтатылды.

21 желтоқсан 2016
Миллиардтар игерiлмей қалды оның зардабы халыққа тидi

Күнi кеше мәлiм болған ресми ақпаратқа жүгiнсек, 11 ай­дың қорытындысы бойынша, бюджеттiк бағдарламалар әкiм­шiлерi 7,5 млрд теңгенi игермеген. Оның 1,2 миллиарды Денсаулық сақтау және әлеу­мет­тiк даму министрлiгiне, 1 миллиарды Iшкi iстер ми­нистр­лi­гiне тиесiлi. Қарап отырсақ, VI шақырылымдағы парламенттiң екiншi сессиясында сөйлеген сөзiнде президент Н.Назарбаев бюджет қаржысының игерiлуiн қатаң бақылауды

13 желтоқсан 2016
Бiрде мен Астананың жаңа келбетiн көрiп қуанып, таң-тамаша болып тұрғанымда, жанымдағы әрiп­тесiм: “Қазiргi президент бiр-ақ қала салды, ал Қонаев кезiнде 19 қала сал­ған”, – дедi. Шынында да солай ғой. Бiр қаланың өзiн де өзiмiз салмаппыз. Өзгелер­дiң ақшасына салыппыз. Бұл туралы “25KZ. Жаңа тарих” деректi фильмiнде прези­денттiң өзi айтып бердi. “Бәрi ұмытып та қалды. Мәселен, сенат ғимараты. Ол арабтардың ақшасына
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»