1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
26 желтоқсан 2014
Ұлттық банк пен үкiмет келесi жылдың экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын белгiлеп, бiрлескен мәлiмдеме жасады. Экономикалық сая­саттың бiр бағыты – дедолларизация, яғни ұлттық валютаның экономикадағы рөлiн арттырып, долларға тәуелдiлiктен құтылу.  Мәлiмдемеде ең алдымен Қазақстан экономикасына нендей сыртқы факторлардың әсер еткенi келтiрiлген.
26 желтоқсан 2014
Мүмкiндiгi шектеулi жандарға шексiз мүмкiндiк сыйлайтын жоба
Өткен аптада “Қазкоммерцбанктiң” “Құс жолы” қайырымдылық қоры және “Даму” кәсiпкерлiктi дамыту қоры “Жұлдыздарға қара” жобасын қорытындылады. Биылғы жылы аталған жоба аясында мүмкiндiгi шектеулi 70 жанға кәсiпкерлiктi дамытуға арналған гранттар табыс етiлдi. “Құс жолы” қайырымдылық қорының “Жұлдыздарға қара” жобасы осымен 10 жыл бойы мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдап,өз iсiн дамытуға жол ашып жүр.
26 желтоқсан 2014
Елiмiздiң экономикасындағы басты өзгерiстердiң барлығы ең алдымен халықтың әл-ауқатына әсер ететiндiктен, бұл саладағы басты оқиғаларға тоқталмай кетуге болмайды. Теңгенiң 19 пайызға құнсыздануы – биылғы жылы ауызға алатын ең басты жаңалықтың бiрегейi шығар. Өйткенi 2014 жылдың 11 ақпанында ұлттық валюта ғана емес, халықтың билiкке деген сенiмi де құнсызданды.
26 желтоқсан 2014
Президент кеттi түйменi басып...
“Қазхром” мен “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” мемлекеттiң 1 миллиард 86 миллион долларын қайда жiбердi?
Әкiм Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихат сессиясында аймақтағы ең iрi мұнай өндiрушi кәсiпорын “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ы осы кезде мұнай өндiру көлемiн 1 миллион тоннаға азайтқанын хабарлады. Алдағы уақытта мұнай баррелi 20-30 долларға дейiн құлдырай түссе, жағдайдың қалай болатынын ешкiм болжай алмайды.
23 желтоқсан 2014
“Тауар жорығы”
ҚҰНСЫЗДАНҒАН РУБЛЬ ҚАЗАҚТАРҒА ПАЙДАСЫН ТИГIЗДI
Желтоқсанның алғашқы онкүндiгiнде   елiмiздiң Ресеймен шекаралас облыстарының тұрғындары құн­сызданған рубльдi қолға ұстап, тауар тасумен болды. Ресей дүкендерiндегi арзандаған тауарларды сау­далауда әсiресе, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарының жұртшылығы ерекше пысықтық танытты.
19 желтоқсан 2014
Ресей кiнәлiнi сырттан iздеуге кiрiстi

Байбалам, дүрбелең, үрей, қорқыныш. Екi-үш күндiктен берi Ресей халқы осындай көңiл күйден айыға алмай отыр. Сейсенбi күнi рубль қатты құлдырап, бiр доллардың құны 80 рубльден асса, бiр еуро 100 рубльге жеттi. Үрей құшағындағы жұрт рубльдiң құны онан бетер әлсiремей тұрғанда, тұрмыстық техника мен азық-түлiктi артық қорымен сатып алуға ағылды. Ал сол күнi қолынан ештеңе келмеген Ресей шенеунiктерi кiнәлiнi сырттан iздеуге кiрiстi.

16 желтоқсан 2014
Ақша жинақтау екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. Өйткенi белгiлi мақсатқа ақша жинақтау үшiн жауапкершiлiк, тәртiп және төзiм қажет. Бұл жолы бiз бiлiм алуға қаражат жинақтау жөнiнде айтпақпыз. Бiлiм алу үшiн ақшаны үйдегi сандыққа немесе банктегi депозитке жай салып қана қоймай, оны арнаулы депозитте сақтап, көбейтуге мүмкiндiк бар. Мұндай салымдар банктiң сыйақысымен қоса мемлекет сыйлықақысымен көтермеленiп тұрады.
16 желтоқсан 2014
Еуразиялық қайшылықтар одағы

ЕАЭО iске қосылатын күн жақындаған сайын ұйымдағы саяси шиеленiс күшейе түстi. Бақылаушылар мұны Кремльдiң әрекетiмен және мәлiмдемелерiмен байланыстырады. Доллар немесе еуроға балама еуразиялық валюта шығару туралы жаңа идея Ресейдiң Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) бiрлесiп құрған әрiптес әрi көршiлес елдерде сынға ұшырады.

11 желтоқсан 2014

Ресей Беларусьтiң 20 шақты ет және сүт комбинаттарының өнiмдерiне тыйым салып, өз аумағы арқылы Беларусьтен үшiншi елдерге тасымалданатын тауарлар транзитiн шектеген кезде Александр Лукашенко “бiз мұны аяқсыз қалдырмаймыз, қарымта жа­уап беремiз” деп сес көрсетiп едi. Батька ақыры сөзiнде тұрды. “Бiзге шектеу қойсаң, мә саған!” дедi де, желтоқсанның 8-iнен бас­тап бiржақты түрде кедендiк бақылау бекеттерiн қалпына келтiрдi.

9 желтоқсан 2014
“Барыңды батып iш, жоғыңды сатып iш”
“ЕХРО”-ның қонақтарын өзiмiз-ақ қымызбен қарық қылуға шамамыз жетедi
Қазақ үшiн ең құнды, қасиеттi мал – жылқы мен жанға дауа, дерт­ке шипа болатын қымыз жарықтықтың тарихта көрмегенi жоқ. Ар жағын айтпағанда, кешегi Хру­щев­тiң қырына iлiгiп, жылқы пайдасыз мал деп сандырақтауының салдарынан небiр асыл тұқымды жылқылар пышаққа iлiгiп кеттi.
9 желтоқсан 2014
Меркель: Ресей Еуроодаққа ұмтылғандарға кедергi келтiрмесiн
Соңғы кездерi Германия канцлерi Ангела Меркель Ресейге қарата қатқыл мәлiмдемелер айта бастады. Оның Welt am Sonntag апталығына берген сұхбаты бiр-екi күннен берi әлемнiң азулы ақпарат құралдары талқылап жатқан бас тақырыпқа айналды. Жексенбi күнi жарияланған сұхбатта А.Меркель Ресейдi Шығыс Еуропаны шайқалтқаны үшiн айыптайды.
9 желтоқсан 2014
«Жеме!»

Даму жылдамдығы жағынан, оның iшiнде жемқорлықпен күресу тұрғысынан Қазақстан уақыттан озып кеттi. Шамамен 2025 жылға қарай елiмiзде жең ұшынан жалғасу толығымен тоқтайды. Ешкiм ешкiмнен соқыр тиын алмайды. Өйткенi мемлекет басшысы сондай тапсырма берген. Тапсырма – тап-тұйнақтай. Биыл алға шығыппыз. Жемқорлар тәбетiн тыйыпты, үкiмет жұтқыштардың кеңiрдегiн “қиыпты”.

4 желтоқсан 2014
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ акциялары сатылымға шықты

Биылғы жылдың 26 қарашасында Ақтау қаласында “Самұрық-Энерго” АҚ-ның ұйымдастыруымен БАҚ өкiлдерiнiң бастарын қосып баспасөз жиынын өткiздi. 2014 жылдың 24 қарашасынан бастап 10 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Қазақстанның қор нарығында “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы” АҚ-ның (ары қарай – Компания немесе “МЭТБК” АҚ) акцияларын екiншi қайтара жария түрде орналастыру

4 желтоқсан 2014
Аймақтағы кәсiпорындар ЭКСПО құрылысына қатысады

Солтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпорындар ЭКСПО-2017 көрме кешенiнiң құрылысына қатысатын болды. ЭКСПО-2017 нысандарын салу мен жобалауға жауапты бас мердiгер – “АДС” компания­сы мен Петропавл қаласында орналасқан Жылдам тұрғызылатын болат құрылымдары зауыты арасында тиiстi келiсiмге қол қойылды. Ендi осы зауыт жасап шығарған металды құрылымдар көрме кеше­нi­нiң құрылысына пайдаланылады.

4 желтоқсан 2014
Сүт өндiрiсiн жолға қоятын бағдарлама iске қосылды

Сиыр сүттi болуы үшiн не iстеу керек? Әлбетте, күтiмi жақсы, жем-шөбi жеткiлiктi сиыр­дың сүтi мол әрi құнарлы болмақ. Шетелде сиырдың сауын сүтiн арттыру үшiн классикалық музыка қосатынын бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Ал бiздiң отандық сиырлар жазық далада жайылса да жетiп жатыр. “Сағынқұмаров” шаруа қожалығындағы сиырлар осындай жерде жайылады, оларға еш­қандай классиканың да қажетi жоқ

беттер:«6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26»