1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
«Банктерге көмек беру – халықты қанау»

Қазақстан Ұлттық банкінің банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты арттыру үшін АТФ банк, Еуразиялық банк, ЦентрКредитБанкі мен Цеснабанкке 410 миллиард теңге қаржылық көмек көрсететіні хабарланған еді. Бұл қаржылық институттардың акционерлері активтер сапасын жақсарту, жұмыс істемейтін кредиттерді азайту, банкті үстеме капиталдандыру бойынша жазбаша міндеттеме ұсынғандықтан, бас банктен көрсетілетін көмекке қол жеткізді делінген. Өзге банктер де осы тектес жоспарларын ұсынған соң, қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатыса алатын көрінеді. Бас банктің президент тапсырмасымен жекеменшік банктерге қол ұшын созуы соңғы 10 жылдан бергі тұрақты үрдіске айналды. Мемлекет осы күнге дейін қандай банктерге қанша көлемде қаржы құйғанын есептеп, саралап шықтық.
 

2 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Биылғы жылдың басында президенттің ха¬лыққа жасаған жолдауынан кейін әртүрлі сала¬ның жаңғыруы мен да¬муы¬на республикалық бюджеттен қаржы қа¬рас¬тырылған болатын. Соның ішінде банк секторын сауықтыру мақ¬сатына 2 триллион теңге бөлінетіні мәлім болды. Артынша мамыр айында президент жарлығымен Ұлттық қордан респуб¬ликалық бюджетке 1 трил¬лион теңгеден ас¬там қар¬жы бөлініп, ол банк секторын тұрақ¬тан¬дыруға жұм¬салатын болды.

476 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
2008-2009 жылдары дағдарыс шарпыған уақытта үкімет дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдап, Ұлттық қордан бас-аяғы 1,2 триллион теңге жұмсаған. Оның 476 миллиард теңгесі Халық банкі, Қазком, Альянс банктерге бағытталды. Жіліктеп айтсақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры 60 миллиард теңгеге Халық банкінің акцияларын сатып алса, қалған 60 миллиард теңгені банктің экономиканың нақты секторын қаржыландыруына бөлді. Қазкомға бөлінген 120 миллиард теңгенің 36 миллиардына банктің акциялары сатып алынса, 84 миллиард теңге экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін салым түрінде берілді. Қалған 24 миллиард теңге Альянс банктің еншісіне тиді.
Дағдарыс уақытында үкіметті жекеменшік банктерге көмек қолын созуға мәжбүр еткен банктердің шектен тыс сыртқы қарызы, несиелік портфельдің нашарлауы мен оларды банкроттықтан аман алып қалу жайы болса, қазір банктерді үстеме капиталдандыру, банктердің экономиканың нақты секторын қаржыландыруды жолға қою көзделіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, жекеменшік банктер онсыз да атқаруы тиіс функция – экономика және халыққа қызмет көрсетуі ретке келтірілмек.
Бір жағынан алғанда, жүйеқұраушы банктерді банкроттықтан аман алып қалу үшін мемлекет тарапынан көмек көрсету әлемде бар тәжірибе. Мәселен, британдық RBC банкіне Ұлыбритания банкі 2008 жылы көмек көрсетпесе, банк құрдымға кетер еді. Еуропа одағы елдері де дағдарыс кезінде қаржы нарығындағы дағдарысты ушықтырмас үшін қаржылық институттарды құтқарғаны бар. Мәселен, Еурокомиссия BMPS банкіне 5,4 миллиард евро көлемінде қаржы құйды. Дағдарыс шағында жекеменшік қаржы институттарына көмек көрсету ақылға қонымды шара болса, қазір айдың күні аманда 15 жыл мерзімге қаржы беру қаншалықты өзін-өзі ақтайтын шара? Бұл сұрақты экономист, Қаржылық тұтынушылар одағының төрағасы Айдар Әлібаевқа қойған едік.
– Жекеменшік қаржы институттарына бюджет есебінен осымен бір емес, екі рет емес, тіпті үш рет те емес, тұрақты түрде көмек берілетін болып кетті. Қазіргі күйдегі банктердің бізге түкке қажеті жоқ. Олар ел экономикасына көрсетуі тиіс қызметті орындап отырған жоқ. Бұл қаржы институттары – ықпалды адамдар иелік ететін арамтамақтар. Олардың артында ықпалды адамдар мен топтар тұрғандықтан, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті лоббилау қолдарынан келеді. Бұл жерде жемқорлықтың бір түрі жатыр. Сосын байқасаңыз, әртүрлі банктерге емес, үнемі белгілі бір банктерге ғана көмек көрсетіледі. Банктердің иелері кімдер деп зер салсақ, қолында әкімшілік ресурсы бар ықпалды адамдардың есімдері шыға келеді. Сол әкімшілік ресурстың арқасында мемлекет тарапынан өз банктеріне басымдық беріп жүр. Былайша айтқанда, бұл – халықты қанау арқылы табылып жатқан қаржы. Ипотекалық, тұтынушылық несиелер – банктер қолданатын ең қорқынышты инструменттер.

– Сонда халық төлеген салық бюджетке барып түседі, бюджет есебінен банктер қаржыландырылады да, артынша сол банктер халыққа үлкен пайызбен несие береді. Бұл қаншалықты әділетті?
– Мұны әділетсіз деу былай тұрсын, бұл – адам өмірі мен денсаулығын қанау, болашағына балта шабу арқылы жасалып жатқан қып-қызыл бизнес. Қазіргі банктерді таратып жіберуге болады немесе толықтай қайта құрып өзгерту керек. Өйткені бәрібір бұл банктер өз міндетін атқарып жатқан жоқ. Өзге принциптерге сүйенетін жүйе құрып, қазір онда отырған адамдардан аластату керек.

– Сонда бізге қандай банктер керек?
– Бізге экономика, өнеркәсіпті алға жылжытатын банктер керек. Тіпті мұндай банктер болғанша, бәлкім, мемлекеттік банктердің болғаны дұрыс шығар. Артынан жекеменшік банктерді де біртіндеп нарыққа қосатын жағдай тудырса жаман емес. Әрине, бұл пікірмен келіспеуге де болар. Бірақ қазіргі күйдегі банктер ең құбыжық, адамды жеккөрушілікке негізделген жүйеге құрылған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Нұржамал | 26 қазан 2017 16:59
Қазіргі орта жұмыскерлер яғни 35000т,ден 100000тенге жалақы иегерлерінің 70% пайызы борышкерлер(қарыз) тізімінде. Ал банктер көбіне 25% несие береді. Осындай көмек алып отырған банктер неге ойланбайды,қандай әділетсіздік!
Күз | 26 қазан 2017 17:27
Оданда 18 000 000 халыққа әр қайсысына 1 000 000 тенгеден таратылсын! Көбісі кредит жабар, сонда халықта риза, банкте риза! Осы жылы интернеттен "кредиттерін төлей алмай жүргендерге көмектесу туралы"-мақала оқып, қуанып қалған едім. Кейін кредит алмағандар қарсы шығып, ол тақырып бәлкім мүлде жабылды.
ИКС | 30 қазан 2017 19:24
Банктер -капиталистік басқарушы элитаның өздері үшін заңдастырылған халықты тонау құралы.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар