1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
4 қазан 2016
Ораз Жандосов: Экономиканы революциялық шаралар құтқарады

Таяуда Алматыда Young Presidents’ Organi­zation ұйымының қазақстандық бөлiмшесi және Сентрас қаржы холдингiнiң ұйымдастыруымен дәстүрлi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырылды. Форумға кәсiпкерлер, түрлi деңгейдегi компания жетекшiлерi, iскерлер, сарапшылар қатысып, өз тәжiрибе­лерiмен бөлiстi. Жаһандық экономикадағы келелi мәселелердi қозғап оның шешiмi жөнiндегi ой-ұсыныс, пiкiрлерiн ортаға салды. Биылғы басқосу “Қазақстандық басқару моделi” деген тақырыпқа арналды.

Форумда халықаралық сарапшылар әлемдiк қар­жы-экономикалық дағдарыс тұсында тығырықтан шығу жолдарын айтып, бағыт-бағдар көр­­­­сеттi. Мысалы, EY серiктесi Михаил Романов жаһандық экономика қарқынды дамып жатқан кезеңде Қазақстан ескi­ше жұмыс iстеп жатқанын атап өттi. Ол өз сөзiнде: “Қазiр креа­тивтi жобалар заманы. Кiмнiң басында тамаша идея бар, соның тасы өрге домалауда”, – дедi. Отандық сарапшылар арасынан монополия­ға қарсы күрес комитетi төрағасының орынбасары Асан Дәрбаевтың баяндамасы қызық болғанын мамандар айтып жатыр. Ал Астана халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келiмбе­тов: “Қаржы дағдарысынан сәттi шығуға Қазақстанның мүмкiншiлiгi мен қоры жеткiлiктi. Үкiмет бұл тұр­­ғыда дұрыс бағыт ұс­тануда. Күнi кешеге дейiн оңтайлы шешiмдер қа­был­дады. Мәселенi шешуде әрi тұрақты дамуда бұрынғыша мемле­кеттiк корпорациялардың рөлi мен орны ерекше. Бiз соларға иек артамыз”, – дедi. Бұған қарсы пiкiрдi бiлiктi экономист, бiлгiр сарапшы Ораз Жандосов бiлдiрдi. Ол отандық экономиканың қат-қабат түйт­кiлдерi барын, ең бас­тысы, ел экономикасын тұрақтандыру үшiн революциялық шаралар қа­былдау қажеттiгiн баса айтты. Ол өз сөзiнде былай дедi: 
             Егер 2017-2021 жыл­дарға болжамдалған ЖIӨ өсiмiн негiзге алып қарайтын болсақ, демо­графияны есепке алғанда Қазақстан бәсекеге бе­йiм әлемнiң 30 елiнiң қатарына енбейдi. Менiң ойымша, экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға радикалды, тiптi революциялық шаралар қабылдау қажет. Кәрiм Мәсiмов кезiндегi үкiметтiң жасаған болжамы бойынша, 2017-2021 жылдардағы бесжылдыққа экономикалық өсiмнiң орташа қар­қыны 2,4-2,5 пайыз көле­мiнде белгiленген. Егер халықтың орташа өсiмiн 1,4 пайыз деп алған күнде ЖIӨ-нi жан басына шаққанда бiр пайыздық өсiмге ие боламыз. Экономиканың өсiмi бойынша Қазақстан үкiметi өз алдына амбициясы кем мiн­дет қойған. Мысалы, Түркия, Малайзия ЖIӨ өсiмiн 4-5 пайыз көлемiн­де болжап жатыр. Қо­сымша құнды тек жеке бизнес беруде, ал үкiмет оны бөлумен ғана шекте­ледi. Тағы бiр мемлекет­тiк компанияны құрудың қажетi жоқ. Жалғыз, бi­рақ тиiмдi мемкомпанияның болғаны жақсы. Сiз­дер тиiмдi бiр мемкомпанияны атай аласыздар ма? Ме­нiңше, бұл күрделi жағдай. Қазiр үкiмет бизнеспен келiсе отырып, ЖIӨ өсiмiн қамтамасыз ете алатын радикалды ше­шiм­дер қабылдауы тиiс. Егер Қазақстан экономикасы 4-5 пайызға өспесе, онда бiз кедей­шiлiк, урбанизация мәсе­лесiн шеше алмаймыз. Мысалы, қосылған құн салығы құрылымы жағынан өте нашар салық. Мүм­кiн одан бас тарту керек шы­ғар? Егер бiз одан құтылсақ, онда бизнес кәдiмгiдей жеңiлдеп қа­лады, жемқорлық азая­ды. Мен зейнетақы жинақ жүйесiнiң авторы болсам да, күнi бүгiнге дейiн жиналған салымды мемле­кет­­тендiруге қарсы емес­пiн. Мүмкiн, осы жи­нақ жүйесiнен бас тартармыз, дегенмен үкiмет са­лық түсiмiнiң деңгейi төмендейдi деп қорқатын болса, онда әлгi 10 па­йызды қалдырайық. Тә­уелсiз Қазақстанның тарихында ең жоғары экономикалық өсiм – 13,5 пайыз 2001 жылы болды. Онда мен үкiмет басшысының орынбасары едiм.
Г.Нұрмолдақызы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар