1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16153) 6 қыркүйек, сейсенбі 2016
6 қыркүйек 2016
Қырғыз обудсменi Кубат Оторбаев: “Қордай” бекетiндегi былық-шылық

ШЕКАРАШЫЛАР ӘҢГIМЕНI САПЫРЫП, АНЕКДОТ АЙТЫП ОТЫР

Қырғызстанның обудсменi Кубат Оторбаев осы елдiң президентi Алмазбек Атамбаевтың атына қырғыз-қазақ шекарасындағы жан түр­шiгерлiк жағдай туралы жазып, хат жiбердi, – деп жазады. Zanoza.org.
“Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы “Қордай” бе­кетiнен өткенде өз көзiммен көрген келеңсiз көрiнiс сiзге хат жазуыма түрткi болды”, – де­лiнген хатта. – Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған кезде екi елдiң азаматтары бекеттегi күрделi жағдайдан, атап айтқанда, Қазақстан шекара қызметi тарапынан жасалатын бюрократиялық бос шабылыстан, қорлық-зорлықтан, қысымнан құтыламыз деп қуан­ған едi. Өкiнiшке қарай, бұлай болмады. “Қордай” бекетiнен өткен кезде Қазақстанның шекара қызметi екi елдiң қарапайым халқын қалай қинап, қорлап отырғанын көзiм көрдi. Көршi елдiң шекара қызметi өз мiн­деттерiн толық орындамағанымен қоймай, халыққа үлкен қиянат жасауда. Мен сол бекеттен өткенде бес адам кезек­шiлiкте тұрды. Әйт­кенмен, сол бесеудiң екеуi ғана жолаушылардың құжаттарын тексерiп жатты, қалғандары анекдот айтып, әңгiменi сапырып отырды. Шекарашылар бекеттен өтiп жатқан адамдардың сөмкесiн және тағы басқа заттарын тексерiп жатқанда қызмет­терiне қатыссыз сауалдарды қоятынын байқадым. Шекара қызметкерлерiнiң бiреуi тiптi сол жерде қыздардың телефонын да сұрап жатты. Осындай келең­сiздiк салдарынан жаздың ми қайнатар аптап ыстығында, қыстың қаһарлы аязында жолаушылар 1,5-3 сағат уақытын жоғалтады. Бұл не деген масқара! – деп ашынады обудсмен.
Қубат Оторбаев шекарадағы осындай сорақы жағдай егде кiсiлердiң, екiқабат әйелдердiң және балалардың денсаулығына үлкен зиян келтiрiп, залалын тигiзiп жатқанын баяндайды.
“Егер кiмде-кiм өз құқығын қорғап, шекарашыларға қарсы сөз айтса, мұндайларға жан-жақтан қысым көрсетiледi. Оларды бекетте қасақана ұзақ ұстайды, түрлi әрекеттер арқылы қинап, қорлық көрсетедi. Ме­нiңше, шекара қызметiнiң осындай заңсыз iс-қимылдары екi елдiң қарым-қатынасына, абырой-беделiне нұқсан келтiрiп жатыр. “Қордай” бекетiнде адам және азаматтық құқықтардың бұзылып жатқанын өз көзiммен көргеннен кейiн, шекара қызметi мамандарының өрескел әрекетiнен шошығаннан соң мұндай адам төзгiсiз жағдайдың қалыптасуына не себеп бол­ғанын бiлмек ниетпен мен бекет басшылығының бiрiмен тiлдес­тiм. Ол кiсi мұнда жұмыс iстейтiн шекара қызметi мамандарының жалақысы төмен екенiн, екiнiң бiрi жұмыс iстеуге құлшыныс байқатпайтынын айтып ақталды. Дейтұрғанмен, мен оған сенбей­мiн. Алатын жалақысы аз болғандықтан жолаушыларға қиянат жасап, көпе-көрiнеу қорлық көрсетедi деу – бекершiлiк, – деп жазылған хатта.
Обудсмен “Қордай” бекетiн­дегi адам төзгiсiз сорақы жағдайды баяндап, қалыптасқан ахуалды ретке келтiрудi сұрап Қазақстандағы адам құқықтары жөнiндегi өкiлеттiлiкке хат жiбердi. Онда шекара қызметiн­дегi былық-шылық бүге-шiгесiне дейiн айтылып, оның Қазақстанның халықаралық беделiне дақ түсiрiп жатқаны жазылған. Осыған орай, шекара бекетiнде екi ел азаматтарының (оның iшiнде кәсiпкерлер де бар) бөгетсiз, қиындық көрмей өтуiне өркен­ниеттi жағдай жасалуы тиiс екенi де аталған.
“Төскейде малы, төсекте басы” қосылған екi туыстас халықтың достығы мен саяси-әлеуметтiк және экономикалық қарым-қатынасына сызат түс­пеуi үшiн Қазақстанның шекара қызметi бiлiктiлiгi мен кәсiби шеберлiгiн шыңдауы қажет”, – дейдi қырғыз обудсменi. 
Г.Қапан.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар