1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
18 тамыз 2015
«Жамалиевтiң жыры»

“Әлiбидiң iсi” деген атпен танымал сот процесi ырду-дырдумен өттi ақыры. Тамыздың 7-сi күнi астаналық кәсiпкер Қ.Жамалиев 13 жылға сотталды. Сыбайластары А.Әбiлтаев – 12 жылға, А.Прибытков 8 жылға кесiлдi.

Үкiмге қатысты жұрттың пiкiрi әртүрлi. Қ.Жамалиевке мұнша қатаң жаза бередi деп ешкiм ойламаса керек. Кәсiпкердi 13 жылға соттап, дүние-мүлкiн тәркiлеген үкiмнен кейiн “Жамалиевтiң бизнесiне әлдекiмдер көз тiктi” деген болжам қайтадан қы­лаң бердi.
Жәбiрленушi Әлiби Жұмағұлов кәсiпкердiң ашынасына көз саламын деп оңбай таяқ жегенде, қоғамдық пiкiр оны қорғап дүр сiлкiнген. Сол тұста “қоғамның құлағына ши жүгiртiп отырған – пиармен айналысатын арнайы мамандар” деген әңгiме шыққан. Мұның анық-қанығын ашып айта алмаймыз, десе де бұл iске қатысты қоғамдық пiкiр күштi болды, әйтеуiр.
Ендi мiне, сотталушы Қ.Жамалиев те осы тәсiлге жүгiндi. Әлеуметтiк желiде (Фейсбук) “Қоғам қайраткерi Қайрат Жамалиев”, “SOS Қайрат Жамалиев” деген бет ашылып, “Баспасөз орталығы” пайда болды. Осылайша, “Қайратты құтқарушылар” бiр кездерi “Әлiбидi құтқарғандармен” бәсекеге түстi.
Қ.Жамалиевке арналған бетте оның отбасылық фотолары, көз жасын төк­кен анасының бейнежазбасы, қолдаушыларының пiкiрi, тағысын-тағылар жарияланып отырады. 
Қ.Жамалиевтiң жары “КТК” арнасына “эксклюзивтi” сұхбат берiп, кү­йеуiне араша түстi. “Жан-жақтан маған хабарласып, қол қусырып қарап отырмауымды өтiндi”, – дейдi Алена Жамалиева.
Халықтың кәрiне бiрiншi болып ұшыраған Жамалиевтер осылайша қоғамдық пiкiр үшiн күреспек. Бiрiншi сатыдағы соттың үкiмi – соңғысы емес. Адвокаттар апелляциялық сот сатысына дайындалып жатыр. Кiм бiледi, қызықтың көкесi әлi алда шығар, бәлкiм.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті