1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
18 тамыз 2015
Педофилдiң жазасы. Соттау ма, пiштiру ме, әлде таспен ату ма?

Кәмелеттiк жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендер “жәбiрленушiнiң кешiрiм беруiне байланысты” деген желеумен жазадан құтылып кететiн. Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы осыған заң бойынша тыйым салу жөнiнде бастама көтердi. Жас балаларға зорлық көр­сеткендер Қазақстанның заңына сәйкес 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Егер бұл әрекеттi аса қауiптi қылмыскер жасаса, өмiрлiк жазаға кесiлуi де мүмкiн. Алайда бұдан зорлықшылдар азаяр емес. Оның үстiне педофилия деген дерттiң жазылмайтыны мәлiм болды. Сонда не iстемек керек?

АҚШ-та...
Әлемнiң әр елiнде педофилдерге түрлi жаза қолданады. Сондай жазаның бiр түрi – химиялық жолмен пiштiру. Сексенiншi жылдардың аяғында АҚШ-та жазаның осы түрi кең қолданыла бастады. Оның себебi бар. Сол тұстарда кәмелеттiк жас­қа толмағандар жаппай зорлыққа ұшырады. Пiштiрудi көбiне-көп қылмыскердiң өз еркiмен жасайтын. Қылмыс жасағандар ұзақ мерзiмге түрмеге түскеннен де пiш­тiртудi жөн көретiн. Тек бiрнеше қайтара қылмыс жасағандарды ғана күштеп пiшiп тастайтын.
Пiштiру деген не? Қыл­мыс­кердiң тамырына күштi дәрi құяды. Ол дәрiден кейiн организм тестостерон (ер­кектiң жыныстық гормоны) бөлмейдi. Қазақшалап айт­қанда, дәрiден соң айғыр атқа айналады.
Алайда 1996 жылдан кейiн жазалаудың бұл түрi өзгерiп, “Меган заңы” қолданыла бас­тады. Оған себеп – Меган Канка атты 7 жасар бүлдiр­шiндi көршiсi Джесси Тиммендекастың зорлап өлтiруi. Тиммендекас химиялық жолмен пiштiрiлсе де осындай айуандыққа барған. Қылмыскер бiршама уақыт дәрi iшiп, “еркектiгiн” қалпына келтiрiп алған. Яғни жазалаудың бұл түрi толықтай тиiмдi емес деген сөз.
“Меган заңы” бойынша, қылмыс жасаған адам қай жерде тұратынын, қайда баратынын, жүрiс-тұрысын полицияға хабарлап отыруы керек. Сондай-ақ педофилдi америкалықтар суретi арқылы жыға тануға тиiс.
Еуропада...
Еуропа елдерiнiң көпшi­лiгi химиялық пiштiру жет­кiлiктi деп есептейдi. Тек Германия мен Чехияда жағдай өзгешелеу. Бұл елдерде кәмелеттiк жасқа толмағандарды зорлаған қылмыскерлерден “сенi пiштiрейiк пе?” деп сұрамайды. Дәлел жет­кiлiктi болса, ол сотта дәлелденсе, шап берiп ұстайды да, сарт еткiзiп кесiп тастайды. Онда да кәдiмгi хирургиялық жолмен. Соның нәтижесi болар, Еуропаның өзге елдерiне қарағанда, Германия мен Чехияда педофилдер аз.
Қытайда...
Қытайдағымен салыстырғанда, хирургиялық жолмен пiштiру дегенiңiз – жұмсақ жаза. Бұл елде 14 жасқа толмағандарға зорлық көрсет­кендердi өлiм жазасына кеседi. Қытайлық “тиммендекстерге” жазадан құтылудың жолы жоқ. Статистикалық дерекке көз салсаңыз, халқы 100 есе аз Қазақстанда педофилдер Қытайдағыдан әлдеқайда көп.
Мұсылман елдерiнде...
Құқық қорғау ұйымдары кейбiр мұсылман елдерiндегi педофилдердi жазалау тә­сiлiн жабайылық деп санайды. Мәселен, Индонезияда бүлдiршiндi зорлаған қыл­мыс­кердiң жазасы екiнiң бiрi: не зорлық көрген бүлдiр­шiннiң туған-туыстары қол-аяғын байлап, таспен атып өлтiредi; не жария түрде кешiрiм сұрап, бүлдiршiннiң салмағының жүзден бiрiне тең алтынды оның туыстарына бередi.
Соңғы жаза жеңiл деп ойлап қалмаңыз. Жиырма келi тартатын бүлдiршiнге зорлық жасаған қылмыскер 800 мың долларлық алтынды қайдан табады?
Қазақстанда...
Әрине, демократиялық мемлекет құруға талпынған Қазақстан үшiн педофилдi таспен ату жазасы жарамайды. Өлiм жазасына мораторий жарияланған. Ендi қалғаны Еуропаның дамыған елдерi қолданатын тәсiл – пiштiру. Қазiргi қолданыстағы жазаны Қазақстан халқының басым көпшiлiгi қолдамайды. Өйткенi педофил­дердiң саны күннен-күнге артып барады.
Материал www.informburo.kz сайтының деректерi бойынша дайындалды.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті