1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
18 тамыз 2015
“Алдаспан” ақпарат

МИНИСТРДЕН ЖЕҢIЛIП ҚАЛДЫ

Мәжiлiс депутаты Азат Перуа­шев “ар-намысыма тидi, қыз­метiме кедергi келтiрдi” деп Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтiң үстiнен Бас прокуратураға шағым түсiрген. Бас прокуратура депутаттың шағымын Iшкi iстер министрлiгiне жолдапты. IIМ сотқа дейiнгi тергеу жүргiзiп, қылмыс құрамы болмағандықтан, iстi тоқтатқанын мәлiмдедi.
“Тергеу барысында iс мұқият зерттелдi, қажеттi сараптамалар жүргiзiлдi. Қылмыс құрамы болмағандықтан, iс өндiрiсi тоқтатылды” деп хабарлады IIМ-нiң баспасөз қызметi.
Естерiңiзде болса, Парламент Мәжiлiсiнiң биылғы жылдың мамырындағы кезектi отырысында депутат А.Перуашев министр А.Сәрiнжiповке шүйлiккен. “Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсiби бiлiм беру жүйесi (ТиПо) мекемелерiн аттес­тациядан аккредитацияға өт­кiзу жүргiзiлген жоқ, министр қызметiнен кетсiн” деп.
Министрдiң жауабы дайын екен, “әлдекiмдердiң жыртысын жыртқанды қою керек” деп сарт еткiзiп қағып тастады. Бұған шамданған депутат прокуратураға шағымданған. Министр оны бұл жолы тiптi қатырды. Прокуратураға емес, Денсаулық сақтау министрлiгiне шағымдануға кеңес бердi.
Соңғы кезде А.Сәрiнжiповке шабуыл көбейiп кеткен. Сарапшылардың бiрқатары мұны “министрлiкке өз адамын қойғысы келген Д.Назарбаеваның әрекетi” деп бағалап жүр.
 
“ОНЫҢ ОРНЫ – ЖЫНДЫХАНА ЕМЕС, ТҮРМЕ”
Жамбыл облысының Қордай аудандық соты орысшыл Ермек Тайшыбековтi сот-психиатриялық сараптамадан мәжбүрлеп өткiзу туралы шешiм шығарды.
Шынында да, Е.Тайшыбеков­тiң соңғы уақытта айтып жүргенi – ақыл-есi дұрыс адамның сөзi емес. “Ресей империясын қалпына келтiрiп, Қазақстанды оның құрамына қосу керек” дейдi ол.
Тайшыбековтiң “жындыханаға түскенiн” ресейлiк БАҚ жалаулатып жатыр. “Ресей мен Қазақстанның одақтастығын қолдайтын адамды қамады” деп. Ал қазақ қоғамы “Тайшыбековтiң орны – жындыхана емес, түрме” деп есептейдi.
 
“ШАШТАРАЗ” 15 ЖЫЛДАН СОҢ ОРАЛДЫ
1991-2001 жылдары Париж­дегi Ұлттық мұражайдан Пабло Пикассоның 1911 жылы салынған “Шаштараз” деп аталатын картинасы ұрланған.
Өткен жылы АҚШ-тың ке­деншiлерi Бельгиядан келген жүктiң арасынан “Шаштаразға” ұқсас картинаны тауып алыпты. Жүк иелерiнiң “бұл – көшiрме, бағасы 40 доллардан аспайды” дегенiне қарамастан, сараптама жасатқан. Сараптама картинаның түпнұсқа екенiн, құны 15 миллион доллар тұратынын анықтады.
Жуырда АҚШ билiгi аса құнды “Шаштаразды” Францияға қайтарды.
Беттi дайындаған – Ерiк Рахым
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті