1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
13 мамыр 2015
Өзбектерге үй салғызсам деп едiм

·          Заң кеңесi

Құрметтi редакция, күн жылына құрылыс жұмыстары басталады. Жұрт қатарлы мен де үй салсам және үйiмдi өзбек ағайындарға салғызсам деп едiм. Өйткенi олар жұмысты арзан, тез әрi сапалы iстейдi. Өзбек құрылысшыларымен келiсiп те қойдым. Алайда бiр мәселе туындап тұр. Өзге елдiң тiркелмеген азаматтарын полиция ұстап әкетедi екен. Көршiмнiң айтуынша, өзбектердiң әрқайсысына айына 3 мың теңгеден төлеп, өз үйiме уақытша тiркеуге тұрғызуыма болатын көрiнедi. Шын мәнiнде солай ма?
Самат Нұрғалиұлы,
Алматы қаласы.
 
Алыс-жақын шетелдерден келген еңбек мигранттарын жұмысқа тартуға болады. Бiрақ бәрi де заң аясында болуы керек. Еңбек мигранттары құзырлы органдарға барып тiркелiп, әр ай сайын 2 АЕК көлемiнде мемлекетке салық төлеп, алаңсыз жұмыс iстей алады. Алайда заңды тұлға үй шаруасына бес еңбек мигрантынан артық адамды жұмысқа тарта алмайды. Заң тәртiбi бұзылған жағдайда 30 АЕК көлемiнде айыппұл салынады. Сондай-ақ жұмысшылармен еңбек келiсiмшарты мiндеттi түрде жасалуы керек.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті