1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
13 мамыр 2015
Фаррух Шарипов: Бұл – “Ислам мемлекетi” емес, жауыздық мемлекетi

Тәжiкстан Iшкi iстер министрлiгiнiң бастамасымен Душанбедегi Кохи Джоми концерт залында Фарух Шариповпен арнайы кездесу өттi. Бұл туралы “Азаттықтың” тәжiк қызметi хабарлады.

Фарух Шарипов – әлдекiмдердiң азғыруы­мен Сирияға барып, “Ислам мемлекетi” ұйымының қатарында соғысқан 25 жастағы жiгiт. Елiне қашып келген соң ол амнистияға iлiгiп, құқық қорғау органдарының қорғауына өткен.
Шарипов кездесуде былай дедi: “Ракка қаласында 27 адаммен бiрге тұрдым. Арамызда бiр тәжiк, бiр дағыстандық болды. Содырлардың әзiрбайжандық 4 “жиһадшының” басын кескенiне куә болдым. “Алланың атына жаман сөз айтты” дейдi де, ешқандай тергеу жүргiзбестен адамның басын алады. Бұл – “Ислам мемлекетi емес, жауыздық пен деспотия мемлекетi. Бұлар Ислам дiнiндегi ұлы тұлғалардың бiрi Әбу Ханифа имамды “хавориж” деп атайды. Хавориж – дiннен безген дегенi. Осының бәрiн көрген соң қашуға бел будым...”.
Тәжiкстан IIМ-нiң бұл әрекетi құптарлық-ақ. “Ислам мемлекетi” ұйымынан қашып келгендер Қазақстанда да бар. Олармен де осындай иманжүздi кездесу өткiзсе, “сабақ болсын” деп адасқандарды жаппай соттаудан әлдеқайда тиiмдi болар ма едi, бәлкiм.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті