1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
13 мамыр 2015
Қартайғанда қор болдық

ҚР Бас прокуратурасының назарына

2014 жылдың 21 ақпанында түскi сағат он бiр шамасында кемпiрiм екеуiмiз Каспий банктен бiраз көлемде ақша алдық. Бала-шағаның қамы ғой. Сол күнi кешкi сағат тоғыз шамасында Алматы облысының Iле ауданы, Боралдай ауылындағы үйiмiзге маска киген төрт жiгiт баса-көктеп кiрдi. Төртеудiң бiрi менiң басымнан тапаншаның дүмiмен ұрып, талдырып тастамақ болды. Бiрден есiмнен тана қоймай қарсыласып көрiп едiм, бас-көз демей тепкiнiң астына алды. Бәрi жабылып сол қолымды күшпен бұрағаны соншалық, қолым сынып кеттi. Мойныма жiп орап буындырды да, аяғымнан тартып байлап тастады. Есiмнен танып қалдым.
 
Кемпiрiм де шамасына қарамай қарсыласқан екен, оны да тепкiлеп төрт қабырғасын сындырып, қолын артына қайырып байлаған да, аузына жiп салып керiп тастапты. Үйде 10 жастағы немерем жүрген. Қарақшылар қатты қорқып қалған неме­рем­нiң құлағындағы сырғасын шешiп алған.
Банктен алған ақшаны, құжаттарды, алтын әшекей бұйымдарды чемоданмен сандыққа салып тастағанбыз. Ұрылар соның бәрiн үптеп кеттi.
Ауруханада 24 күн жатып, әзер дегенде өзiме-өзiм келдiм. Кемпiрiмнiң де жағдайы нашар болды. Сынған қабырғаның кесiрiнен екi иiнiнен әзер демалып жүрдi. Мiне, одан берi де бiр жылдан асты. Тәндегi жара жазылғанымен, жанға түскен жара асқына түстi. Оған себеп – қозғалған қылмыстық iстiң еш нәтиже бермеуi. Iле ауданының iшкi iстер бөлiмi­нен, аудандық прокуратурадан қайыр болмады. Тергеу­шi Сұлтан Каткенов “бар-жоғы 15 мың теңге ұрланды” дептi де, қылмыстық iстi мұрағатқа өткiзiп жiберiптi. Үйiме қарулы шабуыл жасалғаны, қарақшылардың бiздi өлiмшi етiп ұрып-соққаны, тонап кеткенi есеп емес пе бұларға?
Алматы облыстық IIД мен прокуратураға арыз жолдап, банктен ақша алғанымызды көрген адамдардан және бұрын iстi болған көршiле­рiмiзден күдiктенетiнiмiздi ескерткенбiз. Бұдан да еш­қандай қимыл-қозғалыс бол­ған жоқ. Әлде полицейлер ұрылардан алатынын алып, артынан босатып жiбердi ме? Мыналардың тiрлiгiн көрген соң осылай деп байлам жасауға мәжбүрмiн.
Қазақстанда ақшалылар мен тамыр-танысы барлар ғана тыныш өмiр сүруге құ­қылы ма? Олай болмаса, жасым 73-ке келгенде өстiп қор болар ма едiм?!
Жұмағали Әбдiразақов,
зейнеткер,
Алматы облысы,
Iле ауданы,
Боралдай ауылы.    
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті