1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
13 мамыр 2015
Жердiң дауы – елдiң дауы

Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың қаперiне

Бұл мақаланы жазуыма елдiң жай-күйi себеп болды. Бiр кездердегi әкiм-қаралардың әдiлетсiздiгi салдарынан халық әрi-сәрi күйге түстi. Iстi тексерудi тиiстi органдар бiрiне-бiрi сiлтеп, сиырқұйымшақтатып жiбердi.
1998 жылы Ескелдi ауданының бұрынғы әкiмi Сұлтан Дүйсенбиновтiң бауыры Сәкен Дүйсенбинов бүкiл ұжымның дүниесiне жерiмен қоса ие болып, бiр сәтте мұрты майланып қалды. Нақты айтқанда, жармақ пен ұн тартатын екi диiрмен, құрылыс бригадасы барлық құрылғыларымен қоса, құрал-жабдығымен екi қырман, кейiнгi үлгiдегi орталық шеберхана, жанармай қоймасы, үлкен мұздатқыштар, 20-дан аса трактор, автокөлiктер, комбайндар, мал қоралары... ұзын-ырғасы бүтiндей бiр ауылды асырауға жетер­лiк дүние-мүлiктi иеленiп кеттi. Бiразын сатып та үлгердi. Малға жайлы, шұрайлы жерлердi өзiнiң туған-туыстарының атына аударып алды. Осылайша көпке тиесiлi жерге бiр өзi ие болып, билеп-төстедi.
Тiрлiк iстеп, егiстiкпен айналысқысы келетiндердiң қолы байлаулы бұл күнде. Елдiң көбi су жүрмейтiн жайсыз жерден амалсыз бас тартып, күнкөрiс қамымен қала жағалап босып жүр. Қопалы-Шыбынды деген жердегi 700 гектардан астам шабындық жер не себептi жайылымдық жер деп көрсе­тiл­генiн бiр бiлсе, С.Дүйсенбиновтiң өзi бiлуi керек.
Бауырым Рахымжан Мұсанов екеу­мiз құс асырамақ болып жер сұрап едiк, суы жоқ жерден бердi. Амалсыздан бас тартуға тура келдi. Су жүрмейтiн жерде қалай құс асырайсың?!
Құрал-жабдығы дайын тұрған цехты ашуға үш фазалық электр жүйесiн түсiре алмай тиiстi органдардың табалдырығын тоздырып жүргенiме 15 жыл болды. Осыдан кейiн “қалай өр­кендеп келемiз” деуге болады?
Құрметтi Амандық Ғаббасұлы, айта берсең соқыр көзден де жас шығаратындай жайттар көп бiздiң ауданда. Жердiң дауы – елдiң дауы екенiн кейбiр аудан әкiмдерi естен шығарып алады. Әдiлетке жетуге өзiңiз қол ұшын созады деп үмiттенемiн.
Бiр топ ауыл тұрғынының атынан Амангелдi Мұсанов,
Алматы облысы,
Ескелдi ауданы,
Жалғызағаш ауылы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті