1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
19 наурыз 2015
Жүргiзушi куәлiгiн ауыстырудың шарты қандай?

Заң кеңесi

Жақында көлiгiмнiң жарығын жақпағаным үшiн жол полицейi тоқтатты. Бес айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл жазып бермек болған полицей көлiгiмдi айып тұрағынан бiр-ақ шығарды. Неге дейсiз ғой? Жүргiзушi куәлiгiмнiң ауыстыру мерзiмi өтiп кетiптi! 2005 жылы наурызда алдым, 2015 жылдың наурызында ауыстыруым керек екен. Ендi қайттiм?
Болат М.
Алматы қаласы.
 
– Мерзiмi өтiп кеткен куәлiктi ауыстыру үшiн жолда жүру ережесiнiң теориясынан сынақ тапсырасыз. Егер куәлiктiң мерзiмi өтпегенде, мұның қажетi жоқ едi. Сынақ тапсыру үшiн мынадай құжаттар жинайсыз: жеке куәлiк (көшiрмесiмен бiрге), ескi жүргiзушi куәлiгiнiң түпнұсқасы, мекенжай анықтамасы, медициналық комиссия құжаты №-083/у, нарко және психдиспансерден анықтама, жүргi­зушiнiң жеке карточкасы, мем­ле­кеттiк баж салығын төлегенi­ңiз жөнiндегi анықтама. Бұл атал­ған құжаттарды халыққа қызмет көрсе­тетiн арнайы орталықтан (СпецЦОН) алуға болады және сынақты да осы жерде тапсыра аласыз. Сондай-ақ, жол жүру ережесiн бұзғаныңыз үшiн айыппұл арқалаған болсаңыз, оны мiндеттi түрде толықтай төлеуiңiз қажет.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті