1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
19 наурыз 2015
Жаңа заң туралы жаңа ән

Әзiл-шыны аралас

– Жаңа заң қабылданыпты, естiдiң бе? – деп сұрады Тоқай көршiсi Ноғайдан.
– Әй, қойшы! Жаңа заң шығыпты дегенiң жаңа ән шығыпты дегенмен бiрдей болып қалды ғой. Күнде бiр заң қабылдап жатқан өкiмет емес пе? Одан да зейнетақыға қанша қосылыпты, соны айтсаңшы.
– Е, оны қойшы. Одан да қоспай-ақ қойғаны дұрыс-ау. Көбе­йе­тiнi – бес жүз теңге, базардағы бар нәрсе қымбаттап жүре бередi.
– Соны бiлсең неменеге жаңа заң деп қутыңдайсың? Сен секiлдi зәкөншiл емеспiз.
– Заңды бiлмегенiң – дымды бiлмегенiң. Әй, мына заң бәрiнен де “түймедейдi түйедей ететiн”, сыбыс шықса болды, сарт етiп жетiп келетiн журналист деген “жүгермектердi” қатырыпты.
– Ә, не дептi?
– Қолдарыңда дәлел-фактi болмаса, “ел олай дейдi, жұрт былай дейдi деп көпiрме сөз жазбаңдар” дептi. Баяғыда, осы әкiм болып жүр­ге­нiмiзде шыбынның ызыңын естiп қойса да, “ел айтып жатыр” деп газетке жазып есiмiздi шығаратын. Ендi, жүдә жақсы болғанын қарашы.
– Е, байғұстар қайбiр қара басының қамы үшiн жазады дейсiң? Бәрi де қара халықтың қамы емес пе, түсiнгенге.
– Фактiсi болмаса жазбасын. Ел айтты деп көки бере ме?
– Әй, сорлы. Мына қара халықтың қайсысы пактiсiн көтерiп шығады дейсiң. Бiз секiлдi қой баққан қара емессiң, кезiнде бiр ауылдың әкiмi болған адамсың ғой, осы сен неге пактiнi ашық айтпайсың, ә?
– Мен де ешқандай фактi жоқ.
– Жоқ, ә?! Жоқ дейсiң. Сенде жоқ болса, менде бар. Ол пактiнi сен де бiлесiң, мен де бiлемiн, бәрi де бiледi! Бiрақ ешкiм ештеңе демейдi, дей алмайды.
– Ой, даурықпай кетшi-ей! О не фактi екенiн айтсаңшы, шығарайық.
– Айтсам, айтайын. Зейнетақы аласың ғой. Аласың. Алып жатқанда не бересiң? Екi жүз, үш жүз теңге қолдарына қыстырасың. Рас па?
– Ендi онсыз болмайды ғой...
– Келiндер банктен ақша алады ғой, ә? Сол банктен кезексiз талон алу үшiн неше теңге бередi?
– Екi жүз, үш жүз бе?..
– Қайдағы екi жүз! Ол баяғыда едi. Қазiр алты жүз теңге! Мектептегi ұлың айлық алғанда өкiметтiң түкке тұрғысыз газеттерiне күштеп жаздыра ма?
– Жаздырады...
– Мiне, пактi! Мұның бәрiн сен бiлесiң. Айта аласың ба? Жоқ! Айта алмайсың. Ешкiм де айта алмайды, айтпайды да! Тек күбiр-күбiр етiп күмпiлдегеннен басқа түк бiтiрмей­мiз. Соның бәрiн “ел солай деп жатыр” деп дәлелдi фактiсi болмаса да, шындықтың құлағын қылтитатын сол журналистер емес пе? Ендi олардың да аузын буды десейшi...
“Заңды бiлмеген дымды бiлмей­дi” дейдi ғой, бар жаңа заң туралы жаңа әнiңдi басқаға айт, ашынбай тыңдаса...
 
Бақтыгүл Ауданова,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті