1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
19 наурыз 2015
Ахметовтiң айтары жоқ сияқты...

ЭКС-ПРЕМЬЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КЕШIРIМ СҰРАЙ МА?

Үйқамақта отырған Серiк Ахметов күдiктiден айыпталушыға айналды. Оған Қылмыстық кодекстiң төрт бабы бойынша алты қылмыстық iспен айып тағылды. Қылмыстық кодекстiң 176-бабының 4- тармағы – сенiп тапсырылған өзгенiң мүлкiн iрi көлемде иемденiп кету, 311-бап – пара алу, 310-бап – кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу және ол бұған қоса 307-баппен (қызмет бабын асыра пайдалану) үш эпизод бойынша кiнәлi деп танылды.
Премьер-министр, облыс әкi­мi, қорғаныс министрi қызметiн атқарған Серiк Ахметовтi iстi бол­ған өзге шендiлермен салыс­тырсаңыз, сөз жоқ, калибрi үл­кен. Калибрi үлкен бола тұра, Ах­ме­товтiң қылмыстық iсi елеусiз өтетiн түрi бар. Олай болатыны, оның үнi шықпайды. Мұнысын “кiнәсiн мойындағаны” дейсiз бе, әлде “қауқарсыздығы” деп түсi­несiз бе, қалай жорысаңыз да еркiңiз.
ҰҚК Шекара қызметiнiң бұ­рын­ғы директоры Нұрлан Жоламанов қамауға түскенде “бұл – сая­си тапсырыс, уақыты келгенде тапсырыс берушiлердiң бет­пер­десiн сыпырамын” деп тулаған. Журналистерге не керек – “қы­зық” керек. “Жоламанов талайларды су бетiне сүйреп шығаратын болды” десiп, әр сот про­цесiн жiбермей қадағалады. Тiптi “генералдың ерегескенi – ҰҚК төрағасының өзi екен” деп сыбырласқан соттан былай шыға бере.
Сөйткен Жоламанов ештеңе айтпады немесе айтқызбады. Он бiр жылды үн-түнсiз арқалап кете барды гүрiлдеген генерал. Бiр бiлгенi бар шығар, бұрынғы бас кеденшi Серiк Баймағамбетов сияқты...
Баймағамбетов демекшi, оны 2013 жылдың басында “аса iрi көлемде пара алды” деген айыппен 10 жылға соттаған. Өткен жылы Баймағамбетов президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешiрiм сұрады. Президент “кешiрiмшiл” ғой, қаламының ұшымен-ақ он жылының жартысын қысқартып бердi. Сол Баймағамбетов биыл­ғы жылдың басында мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. “Жазасының жартысынан астамын өтегенi” се­бептi.
“Бомба жарамын” деп гүрiл­деген Нұрлан Жоламановтың “бердеңкесi” тiптi “пық” етпе­ге­нiн жоғарыда айттық. Ендi Жоламанов президенттен кешiрiм сұраса, оның жазасының тең жарымын қысқартып беруi мүмкiн. Тiптi түрмеден құтқарып алуы да ғажап емес, мәселен, Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Арын сияқты. Ол “кешiрiмшiл” ғой...
Болған-бiткен осы оқиғаларды ескерсек, Серiк Ахметовтiң де түрме көрмеуiне мүмкiндiк бар екен. Тек президенттiң көңi­лiн таба бiлсе болғаны. Мұндай жағдайда айыпталушының ка­либ­рi маңызды емес. Маңыздысы – кiнәлiнiң қалай кешiрiм сұрағаны немесе iшкен-жегенiн қалай “құсып” бергенi.
Ахметовтiң үнсiздiгi созылған сайын жұрт әлдебiр iрi қылмыстың әшкереленуiнен үмiт үзе бас­тады. Өйткенi бiздiң қоғамда дақпыртты iстер жемқорлықпен күресушiлердiң бiлiктiлiгiнен емес, түрлi топтардың қақтығысынан әшкереленедi. Мәселен, “Қорғас iсi” сияқты. Ал ендi бес ай тергеу кезiнде жақ ашпаған Ахметов сот процесiнде бiрдеңе деуi мүмкiн бе? Күмән зор.
Айтпақшы, тергеуге сенсек, Серiк Ахметов мемлекетке миллиард теңгеден астам залал кел­тiрiптi. Табиғи монополияны реттеу агенттiгiнiң бұрынғы тө­рағасы Мұрат Оспановтың да мемлекетке келтiрген зияны миллиардтан асқан. Сол Оспанов түрмеге түспеудiң орайын қалай тауып едi?.. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті