1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017

Әлеуметтік желілердің бірінде елеусіздеу бір сурет жарияланды. Суретте жалмауыз кемпір кейпінде бейнелеген алып құбыжықтың қолында бөтелкеден мұнайды қомағайлана ішіп жатқан адам бейнеленген. Солайша автор суретте мұнайға тәуелді елдердегі қара алтынның маңындағы қалыптасқан жағдайды шенейді. Фотосуретті көргенде жыл сайын қайталанатын жанармай тапшылығы

«Жас Алаштың» өткен санында Журналистік зерттеулер халықаралық консорциумы салықтан жалтару үшін офшорлы аралдарда құпия фирмалар ашқан әлемнің танымал саясаткерлері мен олигархтарды әшкерелейтін «Жұмақ аралдары» құжаттарын жария еткенін жазған едік. Осы құжаттардың арасында «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы, бұрынғы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен

Соңғы уақыттарда Ұлттық банк жұмысының жүйесіздігі мен Ұлттық қордағы қаржының күрт азайғанын айтып дабыл қағушылар көбейіп барады. Олардың айтуынша, қордағы қаржының әрбір тиынына дейін ұқыпты болуы тиіс Ұлттық банк пен ел үкіметі кейінгі кездері тым жомарттық танытып, миллиардтаған ақшаны оңды-солды шашатын әдет тауып алған. Өкініштісі, бұл қаржы елдің әлеуетін көтеретін жобаларға емес

Әміржан ҚОСАНОВ арнайы «Жас Алаш» үшін
Осы аптада екі оқиға тұспа-тұс келді: Петерборда болған Қазан большевиктер төңкерісінің 100 жылдығы мен... президент «партияны жаңғырту керек» деп ұран тастаған «Нұр Отанның» кезекті жиыны. Былай қарасаң, бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын оқиғалар. Бірақ тереңірек үңілсек, екеуінің арасында белгілі бір ұқсастықтар бар екенін аңғаруға болады. Алдымен төңкеріс туралы айтайық.

– Кеңес заманында білім алып, тарихшы ретінде кеңес заманында қалыптастыңыз. Ол кездегі жүйе де, саясат та басқа еді. Жалпы, тарих ғылымының маңызын, қазақ тарихындағы шын мәнісіндегі жағдайды сіз сол кезде түсіне алдыңыз ба?
– Әрине. Әркімнің өзінің ішкі түйсігі, бейімі болады ғой. Қатар оқыған әріптестерімнің біразы көне дәуірдің, біразы орта ғасырлардың тарихын жақсы көретін. Мен XX ғасыр, оның ішінде ашаршылық

Жақында бір жиында Атырау облыстық дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық талдау орталығы соңғы үш жылда шетелдерде теріс діни бағыт бойынша білім алып жатқан 54 адамды елге қайтарғанын жеткізді. Яғни 2015 жылы – 27, былтыр – 17, биыл 10 азамат кері оралып, деструктивті күштердің ықпалынан аман қалған. Аймақта радикалды ағымның таралуына қарсы жұмыстардың

Қоғамда қордаланған мәселе көп. Соның бірі – алданған қыздар мәселесі. Үкімет бұл мәселенің алдын алумен шұғылданып келеді әрі осы тарапта ірі әлеуметтік жоба жүргізіп отырған ұйымдармен тығыз жұмыс істеп отыр. Біз сөзге тартқан Алматыдағы бірінші аналар үйінің үйлестірушісі Майра Тұрсынбаева (суретте) шалыс басып, тағдыр тәлкегіне түскен

Өткен сейсенбіде қызметінен кеткен Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына осы сейсенбіде жаңа кадр тағайындалды. Осы бір аптаның ішінде ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде жұрт Шымкентке әкім етіп кімдерді «тағайындамады» дейсіз. Расында да, бұл жолы Шымкентке әкім тағайындауда облыс басшысы Жансейіт Түймебаев жөн-жосықты басқашалау жасады. Әдетте, әкімді босату

Қызылордада жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 4,9 пайызға өсіп, облыста жасалған жалпы қылмыстардың 40 пайызына жеткен. Бұл мәселелерді Қызылорда қаласының прокуроры М.Досмағанбетов «жергілікті полиция қызметінің әрекетсіздігінен» деп отыр. Статистикаға жүгінсек, қылмыс жасаған 43 жасөспірімнің 20-сы оқуда жоқ жас болса, 23-і оқу орындарында білім алып жүргендер. Оның ішінде 11 мектеп оқушысы
 

Қазақ волейболы десе, ең алдымен Октябрь Жарылғапов есімі еске түседі. Ол кісі ұлтымыздың басына нәубет төнген 31-ші жылы дүниеге келді. Бірақ рухы азат, жаны жайсаң болыпты. Тар кезеңде туса да, халқының намысын жоқтаудан тайынбаған екен. Сол тұста қазақ үшін тым таңсық, Еуропа таласа ойнаған волейболды айналасы бес-он жылда Алматының төріне, қазақтың жүрегіне

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «мұнай ұрлығымен айналысты» деп айыпталған Еркін Ізбасар мен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітіп, іс сотқа жіберілді. Бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар мен оның серіктеріне тергеу «мұнай және мұнай өнімдерін қылмыстық топ құрамында заңсыз иелену, өткізу, сақтау, қайта өңдеу» және «ұйымдасқан топ

Соңғы жарты жылда көпшіліктің қызу талқысына түскен тақырыптың бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Дүниенің көптеген елінде тиімділігін көрсеткен бұл жүйені елімізге өкілетті министрлік енгізгенде қандай проблемаларды шешпек болды?  Қазір газет-журнал, телеарна мен радио, әлеуметтік желі, тіпті көшедегі аялдамада ауыр сырқаттарға шалдыққан адамдардың еміне көмек сұрап

Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты мәреге жетті. Отандастарымыздың арасынан Мәдина Нұршаеваның (64 келі) жұлдызы жанды. Ол финалда қытай қызы Доу Даннан басым түсті. Сөйтіп, Мәдина өзінің әзірше ең үлкен табысына қол жеткізді.

Нұршаеваның жеңіс жолы мынадай:
Ширек финал. Нгуен Тхи Туйен (Вьетнам) – 5:0